Конференция жайлы
Конференция бағдарламасы онкология ғылымы мен практикасының жетістіктерін, интервенциялық және радиациялық онкологияны, иммуноонкологияны, нысаналы (таргетті) және дербестелген (персонализацияланған) терапияны, молекулалық және цифрлық диагностиканы, онкологиялық ауруларды скринингтеу мен ерте диагностикалауды, роботтандырылған хирургияны, демеуші және паллиативтік көмекті, медициналық оңалтуды, сондай-ақ молекулалық-генетикалық зерттеулердің мүмкіндіктерін қамтиды.
Конференцияға Франция, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Якутиядан сарапшылар, «APCIO» Азия-Тынық мұхиты интервенциялық онкорадиологтар қоғамы мен «ACTA» Онкологиядағы термиялық абляция мамандарының Азиялық қоғамының өкілдері, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің жетекші мамандары қатысады.